"Bank RBK" Банкі" АҚ өзінің (KZ2C00006013, INBNb8) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

01.04.21 10:16
/KASE, 01.04.21/ - "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 30 наурызында өзінің (KZ2C00006013, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, INBNb8) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 1 397 756 199,60 теңгені құрады. [2021-04-01]