01 сәуірден бастап Листингілік алымдардың көлемін, төлеу мерзімін және тәртібін анықтау ережелерінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізіледі

01.04.21 09:47
/KASE, 01.04.21, 12.03.21 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі шешімімен жаңа редакциядағы "Листингілік алымдардың көлемін, төлеу мерзімін және тәртібін анықтау ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжаты бекітіліп, 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді. Ережелердің жаңа редакциясында: - эмитенттердің орналастырылған акциялар санынан листингілік алымдарды бойынша акцияларды аударуға KASE тәсілі қайта қарастырылды; - KASE ресми тізімінде орналасқан бағалы қағаздарды екінші және одан кейінгі жылдар үшін жыл сайынғы алымды төлеуге шоттарды ұсыну мерзімі өзгертілді; - үлеспұл инвестициялық қорының үлеспұлдары бойынша листингілік алымдардың есебі нақтыланды; - коммерциялық облигациялар бойынша алдын ала қорытынды беру үшін алдын ала алым алып тасталды; - өзге процедуралық және редакциялық түзетулер енгізілді. 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап Ережелердің алдыңғы редакциясының күші жойылды деп саналады. Жаңа редакциядағы Ережелердің мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында жарияланады. [2021-04-01]