"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ RU000A102BF7 (PRKRe1) бес жылдық облигацияларына жазылым жүргізу арқылы Қазақстан қор биржасында жылдық 8,99 % пайызбен 1,75 млрд рубль қаржы тартты

26.03.21 19:21
/KASE, 26.03.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 19 наурызы күні Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық жүйесінің "Жазылым" "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ RU000A102BF7 (PRKRe1, 1 000 рубль, 7,0 млрд рубль, 5 жыл; жартыжылдық купон; actual/365) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру бойынша сауда-сатттықтар өткізілді. Аталмыш облигацияларына жазылым жүргізу барысында сатушысы ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (Алматы) болды. Орналастыруға номиналдық көлемі 7 000 000 000 рубль (номиналдық құны 1 000 рубль 7 000 000 дана) облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында KASE жабық әдіспен берілген шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 30 %. Жазылымға өтінім қабылдау 2021 жылдың 19 наурызында алматы уақытымен сағат 14:00 -ден 18:00-ге дейін (ALT) жүргізілді. Сатушыға биржа қабылдаған өтінім тізбесін ұсыну күні – 2021 жылдың 19 наурызы; Сатушыға биржаның қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні – 2021 жылдың 19 наурызы; есептеу жүргізу күні – 2021 жылдың 19 наурызы. Есептеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 2021 жылдың 19 наурызында белгілеген ресей рублінің ресми бағамы бойынша жүзеге асырылып – бір ресей рубліне 5,69 теңгені құрады. Өтінімде баға ретінде жылдық пайызбен белгіленген, купон мөлшерлемесі көрсетілді, нарықтық өтінім жағдайында – нарық бойынша "кірістілігі", қаржы құралдарының саны ретінде – данамен берілген облигациялар саны көрсетілді. Сатып алушылар үшін облигациялардың максималды санына шектеулер берілген өтінімдерде жазылым жүргізу шарттарына белгіленген жоқ. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы алты шектеулі өтінім номиналдық құны 5 250 000 000,00 рубль облигацияларды сатып алуға берілді, олардың екеуі 1 750 000 000,00 рубль номиналдық көлемі өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Жазылым кезіндегі жиынтық сұраным 1 750 000 000,00 рубльді (балама – 9 957 500 000,00 тенге), құрады, ол ұсыным көлемінен 25,0 % құрады. Берілген өтінімдердегі өтеу кірістілігі жылдық 11,50 % құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 1 750 000 000,00 рубльге (балама 9 957 500 000,0 тенге) өтінім қанағаттандырылды. 1 750 000 облигацияларды орналастырды, өтеу кірістілігін 8,99 % деңгейінде анықтады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша жазылым нәтижесінде жасалған барлық мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтіне орындалып, жазылым аяқталды. [2021-03-296]