"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00007391 (IDFRb3) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы Қазақстан қор биржасында жарты жылдық купонына 11,50 % маржамен 50,0 млрд теңге қаржы тартты

19.03.21 19:34
/KASE, 19.03.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 19 наурызы күні Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық жүйесінің "Жазылым" модулінде "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Z2C00007391 (IDFRb3, 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық11,5 %; 30/360) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру бойынша сауда-сатттықтар өткізілді. Аталмыш облигацияларына жазылым жүргізу барысында сатушысы ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" (Алматы) болды. Жазылымға өтінім қабылдау 2021 жылдың 19 наурызында алматы уақытымен сағат 14:00 -ден 14:30-ға дейін (ALT) жүргізілді. Орналастыруға номиналды құны 50 000 000 000 теңгені құрайтын (номиналды құны 1 000 теңгеден 50 000 000 данаға дейін) облигациялары ұсынылды. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне жабық әдіспен берілген. Өтінімде баға ретінде облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген жарты жылдық купонға тиянақталған маржасының мәні екінші ондық таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген. Нарықтық өтінімдер болған жағдайда баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі, қаржы құралдарының саны ретінде – теңгемен номиналдық құны көрсетілді. Жазылым жүргізу шарттарымен сатып алушыларға облигациялардың максималды саны бойынша шектеулер қойылмаған. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы бір шектеулі өтінім номиналдық құны 50,0 млрд теңгеге облигацияларды сатып алуға берілді, олардың бәрі өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдердегі өтеу кірістілігі жылдық 11,50 % құрады. Ұсынымға сұраным - 100 % құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 50 000 000 000,0 теңгеге өтінім қанағаттандырылды. Эмитент 50 000 000 облигацияларды орналастырды, өтеу кірістілігін 11,50 % деңгейінде анықтады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша жазылым нәтижесінде жасалған барлық мәмілелер осы ақпаратты жариялау сәтіне орындалып, жазылым аяқталды. [2021-03-19]