/KASE, 18.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің
сауда-саттық жүйесінде 2021 жылдың 19 наурызында жазылым жүргізу
арқылы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00007391 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb3; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10
жыл; жартыжылдық купон; actual/365) халықаралық облигацияларының
бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады.
Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде
"Қазақстан Халық банкінң еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (әрі
қарай - Сатушы) болады.
Орналастырылатын облигациялардың саны – 50 000 000 000 теңге.
Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды
құнынан пайызбен екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген,
облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс.
Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен көрсетіледі.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 19 наурызы күні
алматы уақытымен сағат 14:00-ден бастап 14:30-ға дейін. (ALT). Жазылым
аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер
қабылданады.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2021 жылдың
19 наурызы. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну
күні – 2021 жылдың 19 наурызы; есеп айырысу күні - 2021 жылдың
19 наурызы. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі"
АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке
тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
[2021-03-18]