19 наурызда Қазақстан қор биржасында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ RU000A102BF7 (PRKRe1) халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

18.03.21 16:23
/KASE, 82.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде 2021 жылдың 19 наурызында жазылым жүргізу арқылы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ RU000A102BF7 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, PRKRe1; 1 000 рубль, 7,0 млрд рубль, 5 жыл; жартыжылдық купон; actual/365) халықаралық облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Қазақстан Халық банкінң еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (әрі қарай - Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 7 000 000 000 рубль. Облигацияларды орналастыру бағасы – 1 000 рубль. Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға ретінде "нарық бойынша бағасы" көрсетіледі. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен көрсетіледі. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 19 наурызы күні алматы уақытымен сағат 14:00-ден бастап 18:00-ге дейін. (ALT). Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2021 жылдың 19 наурызы. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні – 2021 жылдың 19 наурызы; есеп айырысу күні - 2021 жылдың 26 наурызы. Есептесулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2021 жылдың 19 наурызына белгілеген, ресей рубілінің ресми бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында сатып алған бағалы қағаздарына төлемге ақша болуын есептеулер жүргізу үшін алматы уақытымен сағат 12:00-ге дейін қамтамасыз етуге міндетті. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2021-03-18]