12 наурыздан бастап KASE Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің RU000A102CL3 (RU_20_3211) және RU000A102CK5 (RU_21_2711) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары ашылады

12.03.21 10:04
/KASE, 12.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 12 наурызынан бастап Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады: - RU000A102CL3 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_20_3211; 1 250 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.32; жылдық купон, жылдық 1,85 %; actual/actual); - RU000A102CK5 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_21_2711; 750 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.27; жылдық купон, жылдық 1,125 %; actual/actual). Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген – қазақстандық теңге. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/RU_MF/ мекен-жайы бойынша жарияланған. [2021-03-12]