/KASE, 12.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2021 жылдың 12 наурызынан бастап Ресей Федерациясының
Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларымен сауда-саттық
ашылады:
- RU000A102CL3 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_20_3211;
1 250 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.32; жылдық купон, жылдық 1,85 %;
actual/actual);
- RU000A102CK5 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_21_2711;
750 000 000 евро; 20.11.20 – 20.11.27; жылдық купон, жылдық 1,125 %;
actual/actual).
Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға
белгілеулерінің дәлдігі, номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның
"таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген –
қазақстандық теңге.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/issuers/RU_MF/ мекен-жайы бойынша
жарияланған.
[2021-03-12]