"ҚазТрансОйл" АҚ 2020 жылға қаржылық нәтижесі туралы хабарлады

09.03.21 12:07
/KASE, 09.03.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2021 жылдың 09 наурызындағы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында жарияланды: ... 2020 жылдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған түсім көлемі 235 млрд 222,08 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 1,84% төмен. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 55 млрд 953,9 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылдың нәтижесінен 24% жоғары. Сонымен бірге, 2020 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 215 млрд 491,9 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштен 3,3% төмен. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 45 млрд 615,8 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 36,8% жоғары. .... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_090321_kz.pdf жарияланған. [2021-03-09]