09 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге қатысты (F_USDKZT210315) апталық фьючерстің сауда-саттықтары ашылды

09.03.21 10:21
/KASE, 09.03.21/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2021 жылдың 09 наурызынан бастап, орындалуы 2021 жылдың 15 наурызында, теңгенің АҚШ доллары бағамына қатысты апталық фьючерсі ашылды. KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) F_USDKZT210315 берілген. Жоғарыда аталған фьючерстерге KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған, бір АҚШ долларына 420,47 теңге алғашқы теориялық бағасы белгіленді. Апталық фьючерстің соңғы сауда-саттық күні 2021 жылдың 12 наурызы болып табылады. KASE туынды қаржы құралдарының сауда-саттықтары жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттықтарына KASE деривативтер нарығының клирингтік қатысушылары қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/clearing/members/ мекен- жай бойынша жарияланған. Фьючерстердің биржалық саудаларының ережелері – https://kase.kz/kz/futures/ мекен-жайында жарияланған. KASE деривативер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні https://kase.kz/kz/kase_rules/ мекен-жайында ("Сауда- саттық" қалташасында) орналасқан. [2021-03-09]