"First Heartland Jýsan Bank" АҚ акционерлерінің 16 наурызға жоспарланған кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілгені туралы хабарлады

02.03.21 18:25
/KASE, 02.03.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Алматы) өз акционерлерніің 2021 жылдың 16 наурызына жоспарлаған кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілгені туралы Биржаға хабарлады. Толықтыруларды ескере отырып, аталмыш жиналыстың күн тәртібі: - "First Heartland Jýsan Bank" АҚ акционерлерінің кезекетн тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - "АТФБанк" АҚ "First Heartland Jýsan Bank" АҚ біріктіру туралы және атамыш мәселені акционерлердің жалпы жиналысына ұсыну; - "АТФБанк" АҚ және "First Heartland Jýsan Bank" АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының мақұлдау туралы және "АТФБанк" АҚ және "First Heartland Jýsan Bank" АҚ біріктіру туралы келісім-шарт жобасын акционерлердің юірлескен жалпы жиналысына ұсыну"; - "First Heartland Jýsan Bank" АҚ атауын "First Heartland Jusan Bank" АҚ өзгерту туралы; - "First Heartland Jusan Bank" АҚ жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_new_info_160321_8975.pdf Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_info_160 321_6281.pdf [2021-03-02]