02 наурыздан бастап "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ RU000A102BF7 (PRKRe1) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

02.03.21 10:21
/KASE, 02.03.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссияның 2020 жылдың 13 қазанында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) RU000A102BF7 (1 000 рубль, 7,0 млрд рубль, 5 жыл; жартыжылдық купон; actual/365) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы). Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 02 наурызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған PRKRe1 (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында таяу уақыта https://kase.kz/ru/issuers/PRKR/ мекен- жайында жарияланады. [2021-03-02]