"Kaspi Bank" АҚ 2020 жылға банктің қаржылық есебі мен таза табысын бөлу тәртібін бекітті

01.03.21 18:12
/KASE, 01.03.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Астана) 2021 жылдың 01 наурызындағы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - банктің 2020 жылға аудиторлардың есебін ескере отырып, шоғарландырылған есебін бекіту; - банктің таза табысын бөлудің келесі тәртібін бекітілсін: - банктің бір акцияға 2 200 теңге көлемінде жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуді жүзеге асыру; - төлем кезеңі – 2020 жыл; - төлемді бастау күні: 2021 жылдың 01 наурызы; - акционерлердің банктің және олардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне 2020жылдың қорытындысын қарастыру бойынша жүгінулері жоқ екендігі назарға алынсын. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_annual_shareholders_meeting_results_010321_27.pdf мекен-жайында жарияланған. [2021-03-01]