"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ автокезек онлайн қызметін іске қосқаны туралы хабарлады

01.03.21 12:49
/KASE, 01.03.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасын ұсынды: цитата басы Сбербанк, Forte Bank, Қазақстан Халық Банкі және ВТБ Қазақстан Банкі қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ отандық автоөндірушілерді қолдау бағдарламасы бойынша жеңілдетілген автокредит алуға арналған өтінімнің мәртебесін тексеруге мүмкіндік беретін «автокезек» online қызметін іске қосты. Жеңілдікпен автокредит берудің мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Жыл сайын «темір тұлпарды» төмен пайыздық мөлшерлемемен алғысы келетіндердің саны артуда. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі операторы - Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) өкілдері хабарлағандай, егер 2019 жылғы наурызда 13 мыңнан астам қазақстандық жалпы сомасы 57,4 млрд теңгеге автокредиттер алса, 2020 жылғы сәуірде олардың саны 20 мыңнан астам адамды құрады, кредиттердің жалпы сомасы 98,05 млрд теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың 28 қаңтарындағы жағдай бойынша алты Екінші деңгейдегі банк жалпы сомасы 135,8 млрд теңгеге отандық автоөндірушілердің автокөлігін сатып алу үшін 26 958 кредит ұсынған. Автокредит алу процедурасының қарапайым болуына, бағдарламаны қаржыландыруға жыл сайын көбірек қаржы бөлінуіне қарамастан, өтінімдер саны көп, сол себепті қазақстандықтар бірнеше ай бойы өз кезегін күтуге мәжбүр. Енді, өтінімдердің мәртебесін тексеру бойынша online қызметті іске қосқаннан кейін, автокредит алу процесі одан әрі ашық бола түсті. Қазақстанның Даму Банкі жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған сәттен бастап оның операторы болып табылады. ҚДБ Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан Екінші деңгейдегі банктерден келіп түскен өтінімдерді түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландырудың үш шартына: автомобильдің 1 бірлігінің ең жоғары құнына, сыйақы мөлшерлемесіне және кредит беру мерзіміне сәйкестігі мәніне тексеру жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Екінші деңгейдегі банктердің арнайы шоттарынан қаражатты есептен шығаруды келіседі. Төлем қабілеттілігін қараумен, тексерумен және қарыздарды мақұлдаумен серіктес-банктер айналысады. Екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерді қараудың ең ұзақ мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Республикалық бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотынан қаражатты есептен шығаруды келісу жүзеге асырылмайды. Кредит алуға өтініш берген жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасының қатысушыларына өтінімнің мәртебесін тексеру үшін тиісті банктің ресми веб- сайтына өтіп, «автокезек» немесе «автокредиттеу» бөліміне өз жеке деректерін (ЖСН немесе шешім нөмірін) енгізу қажет. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_010321_1.pdf [2021-03-01]