"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 2020 жылға өндірістік есебі туралы хабарлады

26.02.21 10:08
/KASE, 26.02.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (Нұр-Султан) Қазақстан қор биржасына 2021 жылдың 25 ақпанында келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстанның вертикалды-интеграцияланған мұнай газ компаниясы "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (әрі қарай – "КМГ", "Компания"), 2020 жылға өндірістік нәтижелерін жариялады. 2020 жылға негізгі өндірістік көрсеткіштер: - Мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 21 752 мың тоннаны құрап, 7,9% азайды; - Мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 6,3% және 16,3% азайып, 73 171 мың тонна мұнай мен 86 590 млн м³ газды құрады; - Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 12,2%-ға азайып, 18 077 мың тоннаны құрады. цитата соңы Баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_250221.pdf - ағылшын тілінде – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_250221_en.pdf [2021-02-26]