/KASE, 24.02.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын (KZKD00000881, MUM084_0017)
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап
өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналды құны бойынша кесімді
бағаны 100,4678 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,30%) белгілеп,
6 934 650 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды.
KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 78,6 % құрады,
қанағаттандырылған өтінім көлемі – 7 011 009 742,7 теңге.
KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-084 17-ші шығарылымын
(KZKD00000881, MUM084_0017)" орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы
жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1453765/
мекен жайында жарияланды.
[2021-02-24]