KAZ Minerals PLC Компаниясы (Біріккен Корольдік) 2020 жылдың он екі айына және төртінші тоқсанға өндірістік есебін ұсынды

23.02.21 11:22
/KASE, 23.02.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған KAZ Minerals PLC Компаниясы (Лондон), Қазақстан қор биржасына (KASE), KAZ Minerals PLC Компаниясы тобының 2020 жылдың он екі айына және төртінші тоқсанға өндірістік есебін ұсынды: ... 2020 жылы 305,7 мың тонна мыс өндірілді (2019 жыл: 311,4 мың тонна), жоспарлы ауқымынан 2% артық, барлық өндірістік кәсіпорындарда жоғары көрсеткішке қол жеткізген - Мыс сату көлемі – 300,4 мың тонна (2019 жыл: 316,9 мың тонна), жылдың соңында қазақ-қытай шекарасында жүкті тежеуге байланысты өндіріс көлемінен аздап азайған - Төртінші тоқсанда 75,7 мың тонна мыс өндірілді (3К 2020: 76,2 мың тонна), сонымен қатар Топ жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді тиімді аяқтады - 2020 жылы алтын өндірісі көлемі – 196,3 мың унция (2019 жыл: 201,5 мың унция) – сату көлемі 204,6 мың унция (2019 жыл: 225,0 мың унция) бекітілді. Желтоқсан айында алтын өндірісіне Бозшакөлдегі алтынның құрамы төмен болуы және оны алудың төмендетілген коэффициенті, сондай-ақ Бозымшақ руднигіндегі өндірісті тоқтату ықпал етті. ... Есеп KASE интернет-сайтында жарияланған: - https://kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_220221_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_280121_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-02-23]