"Halyk Finance" АҚ "Global Finance" белсенді халықаралық журналының нұсқасы бойынша "Қазақстандағы үздік инвестициялық банк" деп танылды

22.02.21 16:31
/KASE, 22.02.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіінде тұрған "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) 2021 жылдың 22 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Атақты белсенді халықаралық журнал "Global Finance" (www.gfmag.com) жыл сайынғы жетекші халықаралық инвестициялық банктерді таңдау қорытындысы бойынша "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ (әрі қарай – Halyk Finance) "Қазақстандағы 2021 жылғы үздік инвестициялық банк" ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2021") атағы берілді. "Біз үшін Global Finance кезекті рет біздің кәсібилігіміз бен жетістіктерімізді отандық және халықаралық нарық капиталында осындай жоғары деңгейде көрсетіп отырғаны өте қуынышты. Halyk Finance командасына пандемия кезінде нарықтық жағдайға табысты бейімделуге тура келді. Ол бізге инвесторларды тарта отырып, клиенттерге оңтайлы қаржылық шешімдерін ұсынуды толықтай жалғастыруға мүмкіндік берді. 2020 жылы біз біршама бірегей мәмілелерді жасай алдық: "Қазақстан даму Банкі" АҚ теңге түріндегі еурооблигацияларды шығару және орналастыру, "НК "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өзінің міндеттемелерін басқару және борыштық міндеттемелерін ұзарту бойынша кешенді мәміле, сондай-ақ 2016-2020 жылдарға кешенді жекешелендіру жоспары аясында "Казатомпром" ҰАК акционерлік қоғамымен жасалған SPO мәмілесін аяқтау. Біздің тәжірибеміз, жоғары кәсіби деңгейіміз Halyk Finance инвестициялық-банктік қызметті ұсынудағы көшбасшылығын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін", – деп Halyk Finance Басқарма Төрағасы Фархад Охонов атып өтті. Бұрын Halyk Finance Global Finance баспасының нұсқасы бойынша 2011, 2012, 2014, 2015, 2019, 2020 жылдары "Қазақстандағы 2021 жылғы үздік инвестициялық банк" ("Best Investment Bank in Kazakhstan") атанды. Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Қазақстан қор биржасы (KASE) 3 номинациясы бойынша жеңімпаз болды: "Корпоративтік облигациялар нарығында жыл андеррайтері", "Үздік қаржы кеңесшісі" және "Акциялар нарығындағы жыл маркет-мейкері " болды. Сондай-ақ , Cbonds ақпараттық агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстанның нарықтық шығарылымын ұйымдастырушылардың рэнкингін басқарды. ... Толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_reliz_220221_3.pdf жариялады. [2021-02-22]