KASE БИРЖАНЫҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫН ӨТКІЗДІ

17.02.21 20:01
/KASE, 17.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2021 жылдың 17 ақпанында Биржа мүшелерін 2020 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатын өткізді. Корпоративтік облигациялар нарығындағы "Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаз "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ. "Нарық көшбасшысы" номинациясында: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар, корпоративтік облигациялар және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында; - "Ситибанк Казахстан" АҚ – шет елдік валюталар нарығында. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында марапатталғандар: - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ – акциялар нарығында; - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы -"BCC Invest" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында; - "Фридом Финанс" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында. Келесі коминацияларда жеңімпаздар: - "Инвесторларды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ; - "Үздік қаржы кеңесшісі» –"Halyk Global Markets" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы АҚ) және ("Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ; - "Халықаралық қаржы ұйымдары" секторын дамытуға қосқан үлесі үшін –"Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ; - "Акциялардың қайталама нарығындағы ең үлкен көлемі" –"SkyBridge Invest" АҚ; - "Қытай юанінің биржалық нарықтағы дамуына" қосқан үлесі үшін –"Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес Банкі" АҚ; "Ресей рубілінің биржалық нарықтағы дамуына" қосқан үлесі үшін –"Сбербанк России" АҚ еншілес банкі. Осы іс-шара бойынша толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/press_releases/ мекен-жайында жарияланған. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесі KASE интернет- сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен-жайында жарияланған. KASE алғаш рет Биржаның ерекшеленген мүшелерін 2002 жылы маратпаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттарымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/ru/members_diplomas/ мекен-жайында жарияланған. [2021-02-17]