/KASE, 17.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE нарықтық тәуекелдер
жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2021 жылдың 01 наурызынан бастап
Қазақстан Республикасының МБҚ кірістілік қисығының функциясын қалыптастыру
мақсатында мынадай мерзімділік диапазондарын пайдалану туралы шешім
қабылдағанын хабарлайды:
- өтеуге дейін 0-ден 370 күнге дейін;
- өтеуге дейін 37-тен 1 825 күнге дейін;
- өтеуге дейін 1 825-тен 3600 күнге дейін;
- 3 600 күннен бастап одан жоғары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын
анықтау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес әрбір мерзімділік диапазоны
үшін өтелгенге дейінгі мерзім осы мерзімділік диапазонына сәйкес келетін соңғы
он мәміленің параметрлері немесе өтелгенге дейінгі мерзім осы мерзімділік
диапазонына сәйкес келетін, сауда-саттық күні барысында жасалған, МБҚ-мен
барлық мәмілелер пайдаланылатынын еске саламыз.
Мерзімділік диапазондарын анықтауды Комитет ретроспективті есептер мен болжамды
деректер негізінде жүзеге асырады.
2021 жылдың 01 наурызына дейін Қазақстан Республикасының МБҚ кірістілік
қисығының функциясын қалыптастыру мақсатында KASE келесі мерзімділік
диапазондарын пайдаланады:
- өтеуге дейін 7-ден 190 күнге дейін;
- өтеуге дейін 191-ден 370 күнге дейін;
- өтеуге дейін 371-ден 1 825 күнге дейін;
- 1 825 күннен бастап одан жоғары.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына мекен-жай бойынша қолжетімді –
https://kase.kz/files/normative_base/metodika_gzb.pdf
Нарықтық бағаларды есептеу әдістемесі мен тәртібіне байланысты сұрақтар болған
жағдайда, барлық мүдделі тұлғалар KASE клирингілік палатасына жүгіне алады:
тел.нөм.: (727) 237 60 06 немесе e-mail: clearing@kase.kz.
[2021-02-17]