16 наурызда "First Heartland Jýsan Bank" АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы болып өтеді

12.02.21 17:58
/KASE, 12.02.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Алматы), 2021 жылдың 16 наурызында сағат 10:00-де акционерлердің бірлескен жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - "First Heartland Jýsan Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - "АТФБанк" АҚ және "First Heartland Jýsan Bank" АҚ біріктіру туралы; - "АТФБанк" АҚ және "First Heartland Jýsan Bank" АҚ біріктіру туралы келісім-шарт жобасын мақұлдау туралы. Жиналыс өткізу туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_info_160 321_6289.pdf [2021-02-12]