Freedom Holding Corp. 2021 қазыналық жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы нәтижелері туралы жариялады

10.02.21 23:30
/KASE, 10.02.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2021 жылдың 10 ақпанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Freedom Holding Corp. (әрі қарай – Холдинг) 2020 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған 2021 қазыналық жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы нәтижелері туралы хабарлады. Аталмыш кезеңге негізгі көрсеткіштер: 1) 2020 және 2019 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған үш айға Холдингтің түсімі $100,2 млн және $29,6 млн сәйкесінше құрады. $70,7 млн, немесе 239% өсім негізінен үшінші тоқсанда комиссиялық табыстың 261% немесе $53,8 млн өсуі есебінен болды, $20,6 млн-нан $74,3 млн-ға дейін, сондай-ақ сауда-саттық бағалы қағаздарының 194%, немесе $12,5 млн, $6,4 млн-нан $18,9 млн.-ға дейін өсімнің өсуі есебінен болды. 2) Холдингтің шығыны $24,6 млн, немесе 96% артты, оның себебі: a) клиенттер мен олар жасаған мәмілелердің көлемі өсуі есебінен комиссия бойынша шығын $14,8 млн артты; b) РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландырумен байланысты шығындардың өсуі, көбінесе банктік және брокерлік шоттарда клиенттік қалдықтар бойынша пайыздық шығындарының өсуімен байланысты пайыздық шығыны $3,9 млн артуы; c) операциялық шығындардың $4,9 млн өсуі, көбінесе Компания қызметін кеңейту нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар бойынша. 3) 2020 және 2019 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған үш айға: a) Холдингтің таза табысы $42,3 млн және $4,1 млн сәйкесінше құрады; b) акциялардың орташа сараланған санынан шыққан Холдинг акциясының табысы 58 млн дана, сәйкесінше $0,72 және $0,07 құрады; c) өзге жиынтық кірісі $49,2 млн және $7,9 млн сәйкесінше құрады. 4) 2020 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған үш айдың ішінде Холдингтің активтері мен міндеттемелері сәйкесінше $397,1 млн және $347,3 млн. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы интернет-сайтта жарияланған – https://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_reliz_100221_1.pdf [2021-02-10]