/KASE, 10.02.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити), Қазақстан қор
биржасына (KASE) 2021 жылдың 10 ақпанындағы баспасөз хабарламасын
ұсынды:
...
Freedom Holding Corp. (әрі қарай – Холдинг) 2020 жылдың 31 желтоқсанына
аяқталған 2021 қазыналық жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы нәтижелері
туралы хабарлады.
Аталмыш кезеңге негізгі көрсеткіштер:
1) 2020 және 2019 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған үш айға Холдингтің
түсімі $100,2 млн және $29,6 млн сәйкесінше құрады. $70,7 млн, немесе
239% өсім негізінен үшінші тоқсанда комиссиялық табыстың 261%
немесе $53,8 млн өсуі есебінен болды, $20,6 млн-нан $74,3 млн-ға дейін,
сондай-ақ сауда-саттық бағалы қағаздарының 194%, немесе $12,5 млн,
$6,4 млн-нан $18,9 млн.-ға дейін өсімнің өсуі есебінен болды.
2) Холдингтің шығыны $24,6 млн, немесе 96% артты, оның себебі:
a) клиенттер мен олар жасаған мәмілелердің көлемі өсуі есебінен
комиссия бойынша шығын $14,8 млн артты;
b) РЕПО келісімдері арқылы тартылған қысқа мерзімді қаржыландырумен
байланысты шығындардың өсуі, көбінесе банктік және брокерлік
шоттарда клиенттік қалдықтар бойынша пайыздық шығындарының
өсуімен байланысты пайыздық шығыны $3,9 млн артуы;
c) операциялық шығындардың $4,9 млн өсуі, көбінесе Компания қызметін
кеңейту нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар бойынша.
3) 2020 және 2019 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған үш айға:
a) Холдингтің таза табысы $42,3 млн және $4,1 млн сәйкесінше құрады;
b) акциялардың орташа сараланған санынан шыққан Холдинг
акциясының табысы 58 млн дана, сәйкесінше $0,72 және $0,07 құрады;
c) өзге жиынтық кірісі $49,2 млн және $7,9 млн сәйкесінше құрады.
4) 2020 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған үш айдың ішінде Холдингтің
активтері мен міндеттемелері сәйкесінше $397,1 млн және $347,3 млн.
...
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы интернет-сайтта жарияланған –
https://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_reliz_100221_1.pdf
[2021-02-10]