11 ақпаннан бастап "Исткомтранс" АҚ XS0918292151 (ECTRe1) облигациялары айланыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE реми тізімінен алып тасталды

10.02.21 17:15
/KASE, 10.02.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Исткомтранс" АҚ XS0918292151 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ECTRe1; $100,0 млн; 22.04.13 – 22.04.22; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) халықаралық облигациялары 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап айналыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғаны туралы хабарлайды. "Исткомтранс" АҚ 2021 жылдың 09 ақпанындағы хатпен KASE 2021 жылдың 05 ақпанынжағы аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы хабарлады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2021 жылдың 08 ақпанындағы KASE, 2021 жылдың 08 ақпанында аталмыш облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу туралы есепке алу жүйесінде тіркелгені туралы хабарлады. Бұрын осы тақырыпта 2021 жылдың 03 ақпанында KASE жаңалығы "Исткомтранс" ЖШС XS0918292151 (ECTRe1) халықаралық облигацияларымен 05 ақпаннан бастап, сауда-саттық тоқтатылады" атты жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/ru/news/show/1452539/ Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2013 жылдың 18 сәуірінен бастап, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің негізгі алаңында "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2013 жылдың 04 шілдесінен бастап ашылды. [2021-02-10]