"Банк ЦентрКредит" АҚ 2020 жылға артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге ниетті

05.02.21 18:16
/KASE, 05.02.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған"Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), өзінің артықшылықты акциялары бойынша KZ000A0H0930 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBNp) бір акцияға 37,5 теңгеден дивиденд төлеуге ниеттенгені туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес 2020 жылға 2021 жылдың 09 ақпанынан 12 наурызына дейін дивиденд төленеді,дивиденд төлеу үшін акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2021 жылдың 08 ақпанындағы жағдай бойынша тіркеледі. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_dividends_090221_1678.pdf [2021-02-05]