05 ақпан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

05.02.21 16:21
/KASE, 05.02.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналдды құны бойынша кесімді бағаны 90,8085 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,90%) белгілеп, 15 668 096 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 91,2321 % құрады (кірістілігі – жылдық 9,77%). KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 217,9 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 15 071 469 953,0 теңге. Орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1452647/ мекен жайында жарияланды. [2021-02-05]