/KASE, 05.02.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын (KZKD00000865) орналастыру бойынша
арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналдды құны бойынша
кесімді бағаны 90,8085 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 9,90%) белгілеп,
15 668 096 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды.
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы
номиналдан 91,2321 % құрады (кірістілігі – жылдық 9,77%).
KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 217,9 % құрады,
қанағаттандырылған өтінім көлемі – 15 071 469 953,0 теңге.
Орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек
жарияланатын болады.
KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 16-шы шығарылымын
(KZKD00000865) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-
сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1452647/ мекен жайында жарияланды.
[2021-02-05]