03 ақпан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 11-ші шығарылымын (KZKD00000790) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

03.02.21 16:19
/KASE, 03.02.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 11-ші шығарылымын (KZKD00000790) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналдды құны бойынша кесімді бағаны 86,4949 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,10%) белгілеп, 13 932 192 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 86,9795 % ды құрады (кірістілігі – жылдық 10,00%). KASE мәліметтері бойынша ұсынымға сұраным 219,8 % құрады, қанағаттандырылған өтінім көлемі – 12 623 427 138,9 теңге. Орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 11-ші шығарылымын ((KZKD00000790) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1452477/мекен жайында жарияланды. [2021-02-03]