01 ақпан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

01.02.21 18:08
/KASE, 01.02.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналдды құны бойынша кесімді бағаны 95,5546 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,00%) белгілеп, 22 676 301 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 95,6122 % ды құрады (кірістілігі – жылдық 9,99 %). Орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1452293/ мекен жайында жарияланды. [2021-02-01]