"Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00005981 (EUBNb18) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді бекітті

29.01.21 17:33
/KASE, 29.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 26 қаңтарында KZ2C00005981 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb18) KASE облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: ... "Еуразиялық банк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың төртінші шығарылымының №1 аңдатпасына " (әрі қарай – Аңдатпа) өзгертулер және (немесе) толықтырулар келесі өзгертулер бекітілсін: Аңдатпаның 11 тармағының 1) тармақшасы келесі редацияда баяндалсын: "1) облигацияларды сатып алу құқығын жүзеге асыру шарттары, тәртібі: Банк Директорлар кеңесінің шешімі бойынша кез келген айналым мерзімі ішінде орналастырылған облигацияларды сатып алуға құқылы. Орналастырылған облигацияларды сатып алу тиісті облигациялар тарншын орналастыру кірістілігі бойынша жүзеге асырылады. Сатып алынған облигациялар өтелген болып саналмайды және Банк бағалы қағаздар нарығында өзінің сатып алынған облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайтадан сатуға құқығы жоқ. Сатып алу ұйымдастырылған нарықта "Қазақстан қор биржасы" АҚ ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. ... Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_other_accidents_260121_967.pdf [2021-01-29]