"Halyk Finance" АҚ Cbonds агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстан облигацияларының нарықтық шығарылымы ұйымдастырушылардың рэнкингінің көшбасшысы болды

29.01.21 12:04
/KASE, 29.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіінде тұрған "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) 2021 жылдың 27 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... 2020 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ (әрі қарай – Halyk Finance) Cbonds ақпараттық агенттігінің нұсқасы бойынша облигацияларының нарықтық шығарылымы ұйымдастырушылардың рэнкингінде 1-ші орын алды. 2020 жыл бойы Halyk Finance 6 эмитент үшін жалпы сомасы 473,9 млрд теңге Қазақстанның 16 нарықтық облигациялар шығарылымын орналастыруға ұйымдастырушы болды, оның нарықтық үлесі - 41,1% сәйкес. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance қазақстандық облигациялардың жалпы орналастыру рэнкингіне сәйкес 27,6% нарықтық үлесімен жалпы сомасы 633,9 млрд теңге облигацияларды орналастыруды табысты ұйымдастыра отырып, 2-ші орынға ие болды. Сонымен, 2020 жылы Halyk Finance нарықтық орналастыру көлемі бойынша ғана емес, Қазақстан капитал ының борыштық нарығында эмиссиялар мен эмитенттердің нарықтық орналастыру көлемі бойынша да көшбасшы болды. Halyk Finance клиенттері Еуразия Даму Банкі, "Самұрық Қазына" ұлттық әл- ауқат қоры" АҚ, "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ, "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ, "КазАгроҚаржы" АҚ, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ болып табылады. ... Толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_reliz_270121_1.pdf жарияланған. [2021-01-29]