"ПОЗИТИВ-А" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.01.21 17:29
/KASE, 28.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ПОЗИТИВ-А" АҚ ("ПОЗИТИВ-А" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 978 088 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Жылбаева Ж.А. болып табылады.
[2021-01-28]