27 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931) орналастыру бойыншка арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

27.01.21 18:22
/KASE, 27.01.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналдды құны бойынша кесімді бағаны 88,2143 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,40%) белгілеп, 6 000 000 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 88,2143 % ды құрады (кірістілігі – жылдық 10,40 %). KASE сауда-саттық жүйесінде алматы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін аталмыш облигацияларды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді, оның барысынжа өтінім берілген жоқ. Орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1451876/ мекен жайында жарияланды. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1451964/ мекен жайында жарияланды. [2021-01-27]