"Отбасы банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
26.01.21 14:39
/KASE, 26.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Отбасы банк" АҚ ("Отбасы банк" АҚ, бұдан әрі – банк)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 7 830 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2021-01-26]