"Ертіс-Полиметалл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

26.01.21 14:19
/KASE, 26.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ертіс-Полиметалл" АҚ ("Ертіс-Полиметалл" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 000 000 дана; - компанияның 213 579 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАРАВАН РЕСОРСИЗ ЛТД" ЖШС болып табылады. [2021-01-26]