"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ҚДБ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА 506,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАДЫ

26.01.21 11:39
/KASE, 28.12.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" (Нұр-Сұлтан) Биржаға жолдаған 2020 жылдың 28 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасын ұсынды: цитата басы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) коронавирустық пандемияға байланысты күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, кредиттік портфельді ұлғайтуды жалғастыруда, оның көлемі 2020 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға ұлғайып, 1 974 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Даму банкі ұлттық экономика үшін 34 негізгі жобаны қаржыландыра отырып, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 486,2 млрд теңге инвестициялады. Әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы және өндіріс көлемінің жаһандық қысқаруы ҚДБ-ның кредиттік қызметіне елеулі әсер еткен жоқ. 2019 жылды ҚДБ оң қаржылық нәтижемен аяқтады – аудиттелмеген деректер бойынша шоғырландырылған таза пайда 25,4 млрд теңгені құрады. Меншікті капитал көлемі 516 млрд теңгені құрап, өсім 2019 жылмен салыстырғанда 21% - ды құрады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_250121_1.pdf [2021-01-26]