"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

26.01.21 10:51
/KASE, 26.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 000 000 дана; - компанияның 6 057 289 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ болып табылады. [2021-01-26]