Tethys Petroleum Limited өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

26.01.21 09:51
/KASE, 26.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited (Tethys Petroleum Limited, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 145 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 50 000 000 дана; - компанияның 104 955 999 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады: ------------------------------------------------------------------------------- Компанияның орналастырылған осы атаудағы Жай акциялар, акциялардың жалпы Атауы дана санындағы үлесі, % ------------------------------------------ ---------------- ------------------- Pope Asset Management 30 383 439 28,95 Olisol Petroleum Limited 24 304 446 23,16 Jaka Partners FZC 17 415 392 16,59 Gemini IT Consultants DMCC 7 950 000 7,57 ------------------------------------------------------------------------------- [2021-01-26]