25 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар қайталап өткізілді

25.01.21 16:02
/KASE, 25.01.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайталап өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналдды құны бойынша кесімді бағаны 94,6873 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 10,20%) белгілеп, 54 041 060 000 теңге жалпы сомаға өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 95,4026 % ды құрады (кірістілігі – жылдық 10,03 %). Орналастыру нәтижелері бойынша толығырақ жаңалық кейінірек жарияланатын болады. KASE " Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайталап өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1451559/ мекен жайында жарияланды. [2021-01-25]