"First Heartland Jysan Invest" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

25.01.21 15:01
/KASE, 25.01.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jysan Invest" АҚ ("First Heartland Jysan Invest" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 110 000 000 дана; - компанияның 3 000 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Jýsan Bank" АҚ болып табылады. [2021-01-25]