"Exploration Production АЛМЭКС" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

25.01.21 14:39
/KASE, 25.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ ("Exploration Production АЛМЭКС" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ФИРМА "АЛМЭКС ПЛЮС" ЖШС болып табылады. [2021-01-25]