22 қаңтарда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 (KZ000A1A1S55) екінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді

22.01.21 16:20
/KASE, 22.01.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-156 (KZ000A1A1S55) екінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімді бағаны номиналдан 93,3251 % деңгейінде белгілей отырып, номиналдық құны бойынша 41 404 846 000 теңге жалпы сомасына өтінімдерді қанағаттандырды (кірістілігі – жылдық 9,60 %). Қанағаттандырылған өтінімдерде орташа сараланған таза бағасы номиналдан 93,3617 % құрады (кірістілігі – жылдық 9,58 %). Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек орналастырылады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 (KZ000A1A1S55) алғашқы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайта өткізіледі" атты KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1451433/ мекен-жайында жарияланған. [2021-01-22]