"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
22.01.21 10:56
/KASE, 22.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021
жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 170 630 371 дана;
- компанияның 168 124 996 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2021-01-22]