23 ақпанда "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

21.01.21 14:22
/KASE, 21.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы), 2021 жылдың 23 ақпанында сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіне несие келісім-шартына және кепіл шарытна қосымша келісім жасау туралы мәселе енгізілді. Жиналыс өткізу туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_230221_44.pdf [2021-01-21]