20 қаңтарда Қазақстан қор биржасында МЕККАМ-12 (KZK100000258) 149-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді

20.01.21 16:38
/KASE, 20.01.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-12 (KZK100000258) 149-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімді бағаны номиналдан 91,3293 % деңгейінде белгілей отырып, номиналдық құны бойынша 30 683 471 200 теңге жалпы сомасына өтінімдерді қанағаттандырды (кірістілігі – жылдық 9,49 %). Орналастыру нәтижесі бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек орналастырылады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕККАМ-12 (KZK100000258) 149-шы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық қайта өткізіледі" атты KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1451018/ мекен-жайында жарияланған. [2021-01-20]