"Самұрық-Энерго" қаржылық орнықтылығын нығайтты және

13.01.21 11:40
кредиттік тәуекелдің «жасыл» аймағына кірді /KASE, 13.01.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға 2021 жылдың 13 қаңтарында жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы Энергия ресурстарына деген әлемдік бағалардың төмендеуі, COVID-19 індеті, базалық ставка деңгейінің сақталуы, жоғары инфляцияның күтілуі секілді теріс факторларға қарамастан, «Самұрық-Энерго» компаниялары тобының қаржылай орнықтылық көрсеткіштері тұрақты күйінде қалуда. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Борышты және қаржылық орнықтылықты басқару саясатына сәйкес, «Самұрық-Энергода» жыл сайынғы негізде кредиттік тәуекелдің «қызыл», «сары» және «жасыл» аймағы айқындалады. Компанияда атқарылған іс-шаралар оның борыштық жүктемесінің деңгейін «жасылға» дейін төмендетуге және валюталық тәуекелдерін мейлінше азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның 148 млн. АҚШ доллары сомасындағы, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның шамамен 100 млрд. теңге сомасындағы валюталық міндеттемелері қайта қаржыландырылды. Нәтижесінде валюталық міндеттемелердің кредиттік портфельдегі үлесі 1,5%-ке дейін төмендетілді. цитатаның басы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында мына мекен-жайларда жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_130121_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_130121.pdf – орыс тілінде. [2021-01-13]