"ҚазТрансОйл" АҚ Өзен-Атырау-Самара магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесінде мұнай тасымалдау қалпына келтірілді деп хабарлады

12.01.21 16:18
/KASE, 12.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған 2021 жылдың 12 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы Энергия беруші ұйым электр энергиясын беруді тұрақтандырғаннан кейін 11 қаңтарда сағат 19:59-да "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесінде мұнай тасымалдау жоспарлы режимде жаңартылды. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау берілген технологиялық режимдерде жүзеге асырылады. Электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты "Атырау-Самара" учаскесінде ("KEGOC" АҚ, "Атырау Жарық" АҚ) мұнай тасымалдауды уақытша тоқтата тұру барысында жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау бойынша шектеулер болған жоқ. Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 1235,7 км "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбыры Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары арқылы өтеді. цитатаның соңы [2021-01-12]