"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесінде мұнай тасымалдауды тоқтата тұру туралы хабарлайды

12.01.21 09:53
/KASE, 12.01.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы ("KEGOC" АҚ, "Атырау Жарық" АҚ) электрэнергиясын жеткізу 10 және 11 қаңтарда тоқтатылуына байланысты магистральды "Өзен-Атырау- Самара" мұнай құбыры бойындағы "Атырау-Самара" учаскесінде мұнай тасымалы тоқтатылды. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральды "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырының жұмысын жалғастыру үшін баламалы жүйе жұмысын қарастырып жатыр. Электрэнергиясын жеткізу жұмысы электр тасымалы ұйымымен тұрақталғаннан кейін, магистральды "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбыры бойындағы "Атырау-Самара" учаскесінде мұнай тасымалы қайта қалпына келтіріледі. цитатаның соңы [2021-01-12]