11 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ XS0867478124, XS0867573890 (BTASe16) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары қайта өткізіле бастайды

08.01.21 11:42
/KASE, 08.01.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) XS0867478124, XS0867573890 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, BTASe16) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары қайта өткізіле бастайды. Аталған облигациялардың сауда-саттығы Биржада 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, аталған облигациялардың 300,0 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі ішінара өтелуіне байланысты уақытша тоқтатылған. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ хабарламасына сәйкес көрсетілген облигациялардың номиналына 0,331561934135 төмендету коэффициенті қолданылады, бұл ретте айналыстағы көрсетілген облигациялардың саны өзгеріссіз қалады. Осы тақырыпта KASE жаңалықтары жарияланған: - 2020 жылдың 31 желтоқсанында ""Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің XS0867478124, XS0867573890 (BTASe16) халықаралық облигацияларын ішінара өтеді" – https://kase.kz/ru/news/show/1450277/ - 2020 жылдың 30 желтоқсанында "30 желтоқсаннан бастап "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ XS0867478124, XS0867573890 (BTASe16) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды"– https://kase.kz/ru/news/show/1450011/ [2021-01-08]