"First Heartland Jýsan Bank" АҚ "АТФБанк" АҚ 99,77% акцияларын сатқаны туралы хабарлады

30.12.20 23:20
/KASE, 30.12.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 30 желтоқсанындағы Биржаға жолдаған баспасөз хабарламасының толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды: цитата басы 30 желтоқсан 2020 ж., Алматы. – ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын алғаннан кейін, Jýsan Bank АТФБанк акцияларының 99,77%-ын сатып алды. Мәміле нәтижесінде Jýsan тобына кіретін екі банктің активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңге немесе Қазақстанның банктік секторының активтерінен 10% құрайтын болады деп күтілуде. Екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің жиынтық мөлшері 1,3 трл.теңгеден асады, бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. «Біз Қазақстан нарығында бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан банктердің бірі – АТФБанктің Jýsan тобына қосылғанына қуаныштымыз. Jýsan Bank АТФБанкті 97 млрд. теңгеге үстеме капитализациялауды жүзеге асырды. Қазіргі таңда АТФБанк өз өтімділігін айтарлықтай көбейтті, провизиялардың қажетті деңгейін қалыптастырды және сенімді қаржы құралы болып табылады. Біздің келесі қадамымыз – екі банктің клиенттік базаны одан әрі кеңейтуге және заманауи цифрлық сервистерді ұсынуға баытталған ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу, – деп атап өтті Jýsan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу. – Айта кететін тағы бір маңызды жайт – біздің барлық серіктестеріміз Ресей мен Қырғызстандағы еншілес банктер арқылы жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін алады». цитата соңы Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_reliz_301220_kz.pdf [2020-12-30]